• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 04 Тамыз, 2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің екі миллионыншы тамашалушысы - оралдық азамат

220 рет
көрсетілді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің есепке алу жүйесі көрменің екі миллионыншы келушісін тіркеді.

Билет иесі - оралдық жеке кәсіпкер Ғайса Жұмалиев. Ғайса ЭКСПО аясында өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысының мәдени күндерінің концертіне билет сатып алған.

Екі миллионыншы қонақты құттықтау үшін ЭКСПО-2017 медиа-орталығына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы келіп, құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.